Halyq Uni логотип
×

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Жетісу облысында тұман түсіп, екпінді жел соғады

 Халық үні 02.03.2024 | 21:38
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
фото: Halyq Uni

Астана мен 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет. 

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3 наурыз күні Астана мен Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Жетісу облысында тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Түркістан облысында екпінді жел соғып, жауын жауады.

Өскемен мен Риддерде жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасу ықтималдылығына байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама