×

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қызын зорламақ болғаны рас па?

Назым Қаһарман хабарламаны «жала» деп атады

 Халық үні 02.03.2024 | 20:50
Коллаж: tengrinews.kz

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман желіде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы қызына шабуыл жасады деп айыптаған жазбаға жауап берді, деп хабарлады nur.kz.

Facebook желісінде жарияланған жазбада әйел Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді туралы айтады.

Сондай ақ таза, зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерді қорғайды дейтін марқұмның ағасы Айтбек Амангелді неге өзі жайлы бар шындықты айтпайды? Неге ол өзіне қарсы мәлімдеме болғаны туралы шындықты, 10 жасар қызды, дәлірек айтсақ, бұрынғы министр Бишімбаевтың қызын зорлауға әрекеттенгені туралы баянат болғанын айтпайды? - деп жазады ол.

Бұл жазбаға Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман жауап беріп, хабарламаны «жала» деп атады. Ол Instagram-дағы жеке парақшасында бірнеше бейнехабарлама жариялады. Оның айтуынша, жазба авторы қызының басынан өткен жағдайды бұрмалап жеткізген.

Назым Салтанаттың ағасы Айтбекті жақын танымайтынын айтып, мән-жайды түсіндірді. Оның айтуынша, былтыр көктемгі демалыс кезінде оның екі баласы әкесі Қуандық Бишімбаевтың үйіне қонаққа кеткен. Ал 21 наурызда таңертең қызынан хабарламалар келген.

2023 жылғы 21 наурызда мен балама жасалған шабуылға байланысты полиция шақырдым. Шабуыл туралы мәлімдеме болды және бүкіл отряд (полиция - ред. ескертпесі) оқиғаның барлық мән-жайын анықтады. Балалар аман-есен, бірақ қатты қорқып қалған. Бірақ осы аптада олар бір жыл болған құжатты пайдаланып, арсыз түрде, шімірікпестен, қорлай отырып, мені және менің кішкентай қызымды қаралады. Мұны марқұм Салтанаттың ағасының беделін түсіру үшін істеді деп ойлаймын. Оның үстіне олар менің сөзімді емес, бастығына рапорт жазған адамның сөзін келтірген, - делінген жазбада.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі желіде жарияланған жазбада белсенді қай оқиғаны меңгезенін айтып берді. Оның айтуынша, 21 наурызда түнде үйде Қуандық та, Салтанат та болмаған, балалар ұйықтап жатқан, сол кезде марқұмның ағасы Айтбек келген. Есікті қызы ашқан.

Қызының айтуынша, Салтанаттың ағасы оны жұлқып қалған, содан кейін екеуі пәтерден Бишімбаев пен әйелін іздеуге кіріскен. Сол кезде Айтбек қызға әкесі Салтанатты ұрып-соққанын айтқан.

Біраз уақыттан кейін үйге Қуандық келген. Қыздың айтуынша, Айтбек екеуінің арасында төбелес шығып, қорқып қалған балалар сол кезде шкафқа тығылуға мәжбүр болған.

Назым келесі күні балаларының басынан өткен оқиғадан шошып, полицияға хабарласқанын айтты. Бұл ретте ол балалардан жауап алынып, тексеру жүргізілгенін атап өтті, қызында ешқандай жарақат болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама