Қазақстанда уақыт белдеуі өзгерген күні 803 сәби дүниеге келді
Елімізде уақыт белдеуі өзгерген күні дүниеге 803 сәби келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
29 ақпанда сағат он екіге (00.00) дейін Қазақстанда 803 сәби дүниеге келді, оның ішінде екі егіз, 392 ұл және 411 қыз, – делінген ақпаратта.
Тәуліктік туу бойынша Түркістан облысы көшбасшы болды, онда 118 бала дүниеге келген. Содан кейін Алматы қаласында 81 нәресте, Астанада бұл күні 79 сәби дүниеге келді.
Еске сала кетейік, Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа қойылды.
Енді республика бойынша UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуі болады.