С.М. Киров атындағы зауыт сатылмайтын болды

Динара Амантай

Акцияларды сату бойынша жарияланған конкурстың күші жойылды

Фото: Halyq Uni

С.М. Киров атындағы «Машина құрастыру зауыты» АҚ акцияларын сату жөніндегі конкурс өткізілмейді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған орай, 28 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді.

Конкурстың өткізілмеуі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысымен қабылданған зауыттың іске асырылуы бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты, – делінген министрлік хабарламасында.