Семейде жасөспірімді аңдыған ер адам полицейді пышақпен жарақаттаған (ВИДЕО)
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Семейде полицейлер жасөспірімді аңдыған ер адамды қолға түсіру кезінде полицейді пышақпен жарақаттады, деп хабарлады Halyq Uni тлшісі.
29 ақпан түстен кейінгі уақытта полицейлер 13 жастағы қыздан белгісіз ер адам оны артынан қуып жүргені туралы хабарлама алды. Қыз «102» операторына сыртқа шығуға қорқып, дүкенде күтетінін айтты. Дереу учаскелік полиция инспекторлары шақыруға жіберілді. Олар супермаркеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайларды анықтауға тырысқан, бірақ жігіт қолындағы пышағымен тәртіп сақшыларына қарай жүгірген.
Учаскелік полицейлер дүкеннің маңында адам көп болғандықтан, оларға зиян тигізбеу үшін ер адамды ол жерден тыс жаққа алып кету керек екенін екенін түсінді. Агрессивті ер адамның назарын аудара тұрып, полицейлер рациямен көмек сұрады. Патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына барды.
Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полицей Асхат Ахатовқа күдікті пышақ жарақатын салған. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге жекпе-жек әдістерін қолданып, қылмыскерді ұстады. Басынан үш рет жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.