Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемге тән шуақты болады деп күтілуде
«Қазгидромет» РМК 2-4 наурызға ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемге тән шуақты болады деп күтілуде, тіпті елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі болжанады.
Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа-райы басым болады деп күтілуде.