×

Әскери қызметшілердің жалақысы қанша - Қорғаныс министрлігі жауап берді

Жалақыны көтеру мәселесі Үкімет деңгейінде қарастырылып жатыр

 Дәурен Ерболат 01.03.2024 | 16:00
Фото: ОКҚ

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы, подполковник Руслан Жангулин еліміздегі әскери қызметшілердің жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшінің орташа жалақысы – 150 мың теңге. Сондай-ақ оларға әртүрлі әлеуметтік жеңілдік қарастырылған. Мысалы, олар тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Өңірге байланысты әрбір әскери қызметшінің отбасы мүшесіне тұрғын үй төлемдері төленеді. Мысалы, биыл Астанада әскери қызметшілердің тұрғын үй төлеміне 75 мың теңге (адам басына) қарастырылған. Егер отбасы 4 адамнан тұрса, оны аталған сомаға көбейтеміз (шамамен 300 мың теңге – автор).  Сондай-ақ олар санаторийлік-курорттық емделуге жіберіледі, - деді Руслан Жангулин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол әскери қызметкешілердің зейнетке ерте шыға алатынын жеткізді.

Олар 25 жыл әскери қызметін өтесе, ол зейнетке (ерте) шығып, ел игілігіне қызмет ете алады. Қазір Үкімет деңгейінде әскери қызметшілерге, сондай-ақ офицерлер құрамына бірыңғай төлем жүйесін енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Шешім қабылданса, тиісті ақпаратты жариялаймыз, - деді подполковник.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама