×

Көкшетау қаласының әкімдігі 2,5 млрд теңгеге заңсыз келісімшарт жасасқан

Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылды

 Динара Амантай 01.03.2024 | 15:34
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында прокуратура шараларымен 2,5 млрд теңгеге жасалған заңсыз келісімшарт бұзылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көкшетау қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігінің заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбей, бір көзден құны 2,5 млрд теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасағаны анықталды.

Прокуратура актісі негізінде 2024 жылғы 13 ақпанда сот шартты жарамсыз деп таныды. Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама