×

Әбиба Абужақынова «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты

Кешке ол 48 келіге дейінгі салмақтың финалында ресейлік Сабина Гилиязовамен күреседі

 Дастан Жұмабекұлы 01.03.2024 | 15:17
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер құрама командасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова жартылай финалда Швецияның өкілі Тара Бабулфатты жеңіп, финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

Ол D тобында ешкімге дес бермеді. Түрікменстан, Израиль спортшысын, одан кейін ширек финалда АҚШ дзюдошысын жеңіп, ½ финалға жолдама алған болатын. Енді міне, жартылай финалда Скандинавия түбегінен келген спортшыдан айласын асырып, алтын медаль үшін күресетін болды.

Осылайша, Әбиба Абужақынова Бакуда өткен турнирде кеткен есесін қайтарды.

Кешке 48 келіге дейінгі салмақтың финалында Әбиба Абужақынова ресейлік Сабина Гилиязовамен күреседі. Ресейлік спортшы осы салмақтағы тағы бір отандасымыз Ғалия Тыңбаеваны жеңген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама