Қызылордада қымбат смартфонды күшпен тартып алған жігіт 5 жылға сотталды

Дәурен Ерболат

Сот үкімі заңды күшіне енді

Фото: Halyq Uni

Қызылордада қарақшылық жасаған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Былтыр қыркүйекте күдікті қалада 2 адамды соққыға жығып, олардың қымбат телефоны мен 1 млн теңгеден асатын ақшасын тартып алған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде полиция 32 жастағы қызылордалықты ұстады.

Сотталушы сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.