Қоғамдық ұйым өкілдері жөндеу жұмыстары аяқсыз қалған учаскелерге мониторинг жүргізіп жатыр
Қала аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес, жеке және заңды және тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласының барлық аумағында, соның ішінде жеке үй иелерінің аумақтарында тазалықты сақтап, абаттандыру элементтеріне (жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зиян келтіруге және бұзуға жол берілмеуге тиіс. Абаттандыру аумағын ашқан жағдайда, олар бастапқы қалпына келтіреді делінген.
Елордада Түркістан көшесі бойындағы Алматы мен Керей Жәнібек хандары көшелерінің қилысы аралығында көлік жүретін жолдың үстінде кәріз қақпағы маңайының жол жабындары ашылып, үлкен шұңқырға айналған. Бұл жерде жөндеу жұмыстары жүргізілген, алайда ұзақ уақыт бойы қайта қалпына келтірілмеген. Көліктер шұңқырды айналып өтуге мәжбүр. Кәріз қақпағының ашық тұруы көлік қозғалысына әсер етіп, жол апатына әкелуі әбден мүмкін.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы мұндай кемшіліктердің қалпына келтіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атына жолдың осы учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігі туралы ақпарат алу үшін хат жолдаған болатын.
Араға апта салмай орын алған кемшілік толығымен қалпына келтірілді.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы осындай фактілерді анықтап, қала әкімінің атына 2 хат жолдады.