Құны 1 млрд теңгеден асастын шетел валютасын шекарадан заңсыз алып өтпек болған

Динара Амантай

Шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзушы ұсталды

Фото: Halyq Uni

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы ақпанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, бірқатар іс-шара атқарды.

Атап айтқанда, шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзушы ұсталды:

  • 24 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
  • 17 шетел азаматының шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды:

  • 54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 келіден жоғары;
  • 20 факті – атыс қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана атыс және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі);
  • 63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);
  • 330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр);
  • халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;
  • шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.

Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактілерінің алды алынды:

  • 9,5 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
  • 109 дана (454 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 39 дана (93 келі) таза тұқымдас балықтар тәркіленді.

Алды алынған залал көлемі – 173,5 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар заңнаманы бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.