Биыл шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжанып отыр
Алматы-Куала-Лумпур тікелей рейсі 2024 жылдың наурызында ашылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматыда шетелдік туристер ағынының деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі – қолданыстағы әуе қатынасының саны. Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты.
Наурызда Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бізге келу туризмін дамытудың негізгі факторларының бірі – биыл маусымда Алматы қаласы халықаралық әуежайы жаңа терминалының құрылысын аяқтау.
Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті – жылына 14 млн жолаушы. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.