Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді
Дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек жөнелтілді.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Бішкек ЖЭО-дағы апатты жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.
«28 ақпанда «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жіберілді.
Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады», - делінген ақпаратта.