×

Шекара қызметі өткізу пункттерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді

Өткізу пункттері сағат 7:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады

 Динара Амантай 29.02.2024 | 16:54
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі автомобильдік өткізу пункттерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, мына пункттерде өзгеріс болады:

  • Ресей Федерациясымен: «Найза», Павлодар облысы «Қоянбай», Абай облысы «Байтанат», Абай облысы;
  • Қытай Халық Республикасымен: «Нұр Жолы», Алматы облысы «Достық», Алматы облысы «Қолжат», Алматы облысы «Бақты», Шығыс Қазақстан облысы «Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы;
  • Қырғыз Республикасымен: «Кеген», Алматы облысы.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 7:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Өзгерістер Үкіметтің қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама