Halyq Uni логотип
×

Семейде 20 млн теңгенің синтетикалық естірткісі тәркіленді

Есірткі тұтынуға арналған 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді

 Динара Амантай 29.02.2024 | 14:50
Семейде 20 млн теңгенің синтетикалық естірткісі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Семейде есірткі сатушылардан құны 20 млн теңге болатын «синтетика» тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды. Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері екі ұсталғанның тұрғынжайын тінту кезінде салмағы 500 грамнан асатын «мефедрон» психотроптық затын тауып, тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын телефондар тәркіленді.

Есірткі тұтынуға арналған 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді. Олардың қара нарықтағы құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама