×

Испанияның легионері Астанаға 1,4 млн еуро айлыққа келе жатыр

Қазақстан командасы Грекияның «Ламия» клубына 300 мың еуро төлеп қойған

 Дастан Жұмабекұлы 29.02.2024 | 14:28
Фото: bombardir.kz

Lefimerida порталына сілтеме жасаған sports.kz-тің хабарлауынша, Грекияның «Ламия» клубының 33 жастағы ойыншысы Карлитос «Астана» клубымен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қою үшін келеді. Оның жалақысы да белгілі болды. Айына 1,4 млн еуро алады.

Сонымен бірге «Астана» испан шабуылшысының трансфері үшін «Ламияға» 300 мың еуро берген.

Карлитос Грекия чемпионатындағы соңғы матчын ойнады. Ол «Ламияның» жейдесінде «Атромитос» клубымен ойында соңғы рет алаңға шықты. Ойыннан кейін стадионда командаластарымен және жанкүйерлермен әңгімелесіп, кідіріп қалды. Афинадан асығыс кеткісі келмеді. Енді ол «Астана» клубынан жақсы ұсыныс күтіп отыр. «Астана» «Ламияға» 300 мың еуро төлеп қойыпты, – делінген материалда.

Жалпы, Карлитос бірнеше елдің ұлттық чемпионаттарында ойнап, жақсы қырынан көзге түскен көрінеді. Ол барлық жерде бомбардир болған деседі. «Ламияда» 21 матч ойнап, 10 гол салып, 4 нәтижелі пас берген. Одан басқа, Испанияның «Торрельяно», «Эльче», «Онтеньенте», «Фуэнлабрада», «Новельда», «Эльденсе», «Вильярреал Б», Ресейдің «Петротрест», Кипрдың «Арис», Польшаның «Висла» (Краков), «Легия», БАӘ-нің «Әл-Вахда», Грекияның «Панатинаикос» клубтарында қақпаны дәл көздейтін сұрмерген болыпты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама