×

Алматыда қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің жаңа стандарттары енгізіледі

Тиісті ережелерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

 Динара Амантай 29.02.2024 | 13:58
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда 1 шілдеден бастап қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің жаңа стандарттары енгізіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында олардың бірі автобустар мен троллейбустарға ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, жүкті әйелдерге және балалары бар жолаушыларға орын беруге шақыратын ескертулерді қосу туралы ұсыныс айтқан.

1 шілдеге дейін тәсілдерді өзгертуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, қоғамдық көлікте қызмет көрсету қалай өтуі керек дегендей. Тиісті ережелерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, - деді Ерболат Досаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама