Halyq Uni логотип
×

Сенаторлар бизнес туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды

 Еркеғали Болатұлы 29.02.2024 | 10:54
Сенаторлар бизнес туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды
фото: Halyq Uni

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның кей баптарына өзгеріс енгізіп, Мәжіліске қайтарды.

Заң кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру және бизнестің дамуына жағдай жасау үшін дайындалған болатын.

Сенат депутаттары заңға мынадай өзгерістер енгізді:

  • Заңның жекелеген нормаларын реттеушілік саясатының қағидаттары мен тәсілдеріне сәйкес келтіруді;
  • облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салумен байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру мүмкіндігін сақтауды;
  • сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын шекті сауда үстемеақысын қолдану тәртібін белгілеуді;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетуді;
  • пайдалы қатты қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін кен орнын әзірлеудің техникалық жобасында белгіленген нормаланған ысыраптар туралы деректерді қолдануды;
  • өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тетігін жетілдіруді;
  • Бірыңғай төлемнің құрамдас бөліктерінің үлестерін қайта есептеуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Енді Сенаттың бұл түзетуі Мәжілістің жақын арадағы отырысында қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама