«4 баланың анасы табылды»: Қазақстанға қайта келген Жәнібек жаңалығымен бөлісті

Халық үні

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібек Қазақстанға қайта келді.

Фото: Instagram.com/muratsaveliev/

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібек Қазақстанға қайта келді.

«Бүгін мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алғыс күніне (1 наурыз) орай ұйымдастырған «Мың алғыс» шарасына қатысамын. Алғыс күніне атқарылған дайындық бойынша енді менің Instagram-да және 1 наурызда Qazaqstan теледидарында көре аласыздар. Осы аралықта анамның іздегені туралы сұрақтарға байланысты полицияға бардым. Олар өте үлкен тергеуді бастады, ол туралы кейінірек айта аламын. Мен қазақ халқына мені осындай жылы қарсы алған үшін алғыс айтамын! Мен сіздерді қатты сағындым!», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, желтоқсан айынан бастап Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы биологиялық анасын іздеген Жәнібектің хикаясы 2001-2002 жылдары Арқалықта туған тағы 4 баланың анасымен қауышуына түрткі болған.

«Қазақстанға келгенде анамды бірден тауып аламын деп ойладым, бірақ бұл мен ойлағаннан қиынырақ болып шықты. Менің оқиғам 4 баланың анасын табуға көмектескеніне қуаныштымын. Бұл менің де анам табылатынына үміт сыйлайды. Қазақстандық достарым көбейді, алдағы уақытта жетім балалардың ата-анасын табуға көмектесетін бір жоба бастағалы жатырмын», - дейді Жәнібек.