Елімізде телефон алаяқтарын бақылайтын арнайы орталық құрылғалы жатыр
Ол қазақстандықтарға қарсы жасалатын алаяқтық схемалармен күресуге мүмкіндік береді
Ұлттық банк жанынан алаяқтық операцияларға қарсы орталық құрылатын болды.
Ол жалған транзакцияларды бақылауға және болдырмауға, ақша аударымдары мен алаяқтардан түсетін қоңырауларды қадағалауға жауапты болмақ. Бұл қазақстандықтарға қарсы жасалатын алаяқтық схемалармен күресуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің бірыңғай платформасы іске асырылады. Енді жеке компаниялар азаматтардың деректерін сақтамайды, жұмыс кезінде олар мемлекеттік деректер базасына жүгінеді.