×

Су спортынан АЧ: Қазақстан тағы екі жүлде алды

1 метрлік тұғырдан секіруде Назар Қожанов пен Диана Жұмағұлова жүлдегер атанды

 Дастан Жұмабекұлы 28.02.2024 | 15:53
Фото: Instagram.com/qaz_olympics/

Бүгін Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында еліміздің спортшылары тағы екі жүлдені жеңіп алды.

1 метрлік тұғырдан суға секіру жекелей сайысында ұлдар арасында Назар Қожанов 357.75 ұпай алып, күміс медальді, қыздардың бәсекесінде Диана Жұмағұлова қола жүлдені иеленді.
Ұлдар жарысында Жапония өкілі Азия чемпионы атанса, 3-орынды Кувейттің спортшысы қанағат тұтты.

Қыздар сынында алтын медаль Малайзияның бұрымды спортшысына, күміс жүлде Вьетнамның өкіліне берілді.

Бұған дейін Диана Жұмағұлова синхронды секіруде Анабелла Кочкинамен бірге алтын және қола медаль алған болатын.

Кеше отандастарымыз чемпионаттың екінші күні 10 медальді, оның ішінде 8 алтын жүлдені жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама