Halyq Uni логотип
×

Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро айыппұл салынды

Алайда Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерге алғыс айтты

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2022 | 09:59
Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро айыппұл салынды
фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Молдова арасындағы матч кезіндегі қазақстандық жанкүйерлердің әрекеті үшін футбол федерациясына УЕФА тарапынан 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды.

Матч кезінде жанкүйерлер алаңға түрлі заттар лақтырып, артынан өздері жүгіріп шыққан. Спорт шенеуніктері ұлттық құрама жанкүйерлерін алдағы уақытта матчқа қатысу құқығынан айырылып қалмау үшін мәдениет сақтауға шақырды.

Алайда Қазақстан футбол федерациясы Молдоваға қарсы Ұлттар лигасының матчында ұлттық құрамаға қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге алғыс айтты.

«Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың матчтарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті, алдағы ойындарда қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз.Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды деп үміттенеміз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама