Қызылорда облысында 4 мың бөдене тірілей жанып кетті (ВИДЕО)
Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника барды
Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы құс фабрикасы толығымен жанып кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Бесарық ауылындағы құс фабрикасы бүгін таңғы сағат 04:37-де отқа оранған. Бір қабатты ғимараттың төбесі жанып, тілсіз жау 288 шаршы метрді шарпыды.
Куәгерлердің айтуынша, фабрикада 4 мың бөдене болған. Барлығы тірілей жанып кетті. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар таңғы сағат 06:12-де өртті өшірді. Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника барды.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құс фабрикасы толығымен жанып кеткен.