Ғалымдар үшін әлеуметтік кепілдіктер қатары кеңейеді

Динара Амантай

Олардың мөлшері ғылыми дәреже мен атаққа байланысты

Фото: Halyq Uni

Жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын оқытушылардың, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы төленетін болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олардың мөлшері ғылыми дәреже мен атаққа байланысты. Мысалы, доцент атағы бар ғылым кандидаттары қосымша 25 АЕК, профессор атағы бар ғылым докторлары 50 АЕК алады.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдарға ғылыми, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-техникалық сипаттағы жұмыстарды аяқтау үшін 1 жылға дейінгі еңбек демалысы беріледі. Осы кезеңде ұйымның өз қаражаты есебінен орташа жалақы сақталады.

Қызметкердің кемінде 5 жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі болған жағдайда шығармашылық еңбек демалысы 10 жылда бір рет беріледі. Мұндай демалысты аяқтағаннан кейін ғалымдар осы ұйымда кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.