×

Алматыда мәдениет саласындағы бірнеше мемлекеттік мекемеде 1 млрд теңгеден аса бұзушылық анықталды

Кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды

 Динара Амантай 28.02.2024 | 10:31
Фото: Halyq Uni

Алматыда мәдениет саласындағы бірнеше мемлекеттік мекемеде 1 млрд теңгеден аса бұзушылық анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының «Алматы қаласының мәдениет басқармасы» КММ, «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ, «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК, «Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК, «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК-де «Бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімді пайдаланудың мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

Барлығы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 1 млрд 221 млн 661,9 мың теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

Қаржылық бұзушылықтар 724 млн 648,6 мың теңге:

  • бюджет кірісіне өтеу сомасы – 635 млн 689,3 мың теңге;
  • жұмыстармен қалпына келтіру – 23 млн 608,9 мың теңге;
  • кәсіпорындардың есепшотын қалпына келтіру –  42 млн 585,5 мың теңге;
  • бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіру – 22 млн 764,9 мың теңге.

Активтер мен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы – 497 млн 13,3 мың теңге.

Процедуралық бұзушылықтар  –  196 дерек және жүйелік кемшіліктер – 1 дерек.

Экономикалық шығындар 9 млн 967,6 мың теңге болды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама