×

Павлодарда әкімдік көппәтерлі тұрғын үйлерді заңсыз салмақ болған

Жалпы құрылыс алаңы – 186 гектар

 Динара Амантай 28.02.2024 | 09:38
фото: Halyq Uni

Павлодарда экологиялық қауіпсіздік нормаларын есепке алмастан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға жол берілмеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Прокуратура нүктелік (тығыз орналасқан) құрылыстың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Павлодар «Жастар» шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (ЕТЖЖ) сәулет және жер заңнамасының нормаларына қайшы қабылданғаны анықталды.

Жергілікті атқарушы орган өнеркәсіптік зауыттардан максималды қашықтықты есепке алмай, көппәтерлі үйлер мен әлеуметтік нысандар салуды жоспарлаған.

Яғни, өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын маңдағы тұрғын үй-азаматтық құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін болдырмау үшін бөлетін санитарлық-қорғау аймағы бұзылатын еді.

Жалпы құрылыс алаңы – 186 гектар. 

Қадағалау актісі бойынша заңсыз ЕТЖЖ жойылды.

Осыған дейін прокуратура Ертіс өзенінің маңында (су қорғау аймағының аумағында) оқушылардың өміріне қауіп төндіретін «Жайлы мектеп» салу туралы шешімнің күшін жойған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама