Шымкентте газбен жылыту пешіндегі ақаудан бір адам көз жұмды
Қайғылы жағдай бүгін болған
Абай ауданы, Игілік шағын ауданында, жеке тұрғын үйде, алдын ала табиғи газбен жылыту пешінде ақау шығып, салдарынан үй иесі қаза тапты.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 адам ауруханаға жатқызылды. Қайғылы жағдай бүгін болған.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, «Интергаз» АҚ, 3 адам және 1 техника жұмылдырылды.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.