Екі бағыт бойынша сүйемелдеп жүру ұйымдастырылып жатыр
Жамбыл облысында боранды жел, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр.
Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Қордай аудандық ПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп, сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырып жатыр.