Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Халық үні
28.02.2024 | 07:29
Жергілікті уақытпен 12.34 шамасында магнитудасы 4,6 жер дүмпуі тіркелді. Бұл туралы Анадолы сайты жазды.
Түркияның Апаттық және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 12.34-те Йешилюрт аймағында тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 17,3 шақырым тереңдікте болған.