Биыл өткен жылмен салыстырғанда жауын-шашын әдеттегі нормадан 2 есе көп түсті
Республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны қаупі бар 469 учаске анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл өткен жылмен салыстырғанда жауын-шашын әдеттегі нормадан 2 есе көп түсті. Ал ол өз кезегінде инфрақұрылым үшін аса қауіпті.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, көктемгі кезеңге дайындық қызу жүргізіліп жатыр. 535 су өткізгіш құбыр, 22,2 мың шаршы метр құм және 7,9 мың қап дайындалды.
Компанияның жол қызмектерлері тәулік бойы жолдарды патрульдеп, ауа райы туралы, оның ішінде көктем жақындап, еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт жылынғандықтан, жауын-шашынның мөлшері туралы мәліметті жіті назарда ұстайды, – делінген хабарламада.