Аделаида Пчелинцева, Арсен Қожахметов, Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина чемпион атанды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов құрлықтың рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.
Пчелинцева брасс әдісімен 50 метрге суға жүзуден А тобында 1-орын алса, Қожахметов те брасс әдісі бойынша 50 метрге жүзуден Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Аделаида Пчелинцевадан кейін 2 және 3-орынды Таиландтың спортшылары иеленді. Ал Арсен Қожахметовтен кейін мәреге келген Гонконгтың өкілдері күміс пен қола жүлдені қанағат тұтты.
Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина суға тұғырдан секіруден 178.41 ұпай алып, 1-орынды жеңіп алды. Бұл сында Индонезия мен Гонконгтың қыздары 2 және 3-орынға ие болды.