Halyq Uni логотип
×

Жансая Әбдімәлік Бундеслигада шахмат жарысында жеңімпаз атанды

OSG Baden-Baden командасы 12 рет чемпион атанып отыр

 Динара Амантай 30.05.2022 | 09:30
Жансая Әбдімәлік Бундеслигада шахмат жарысында жеңімпаз атанды
Фото: @zhansaya_abdumalik

Бундеслигада (Германия) OSG Baden-Baden әйелдер клубында өнер көрсеткен халықаралық гроссмейстер, Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік өз командасының жеңіске жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Достар, Бундеслигада әйелдер арасындағы өзім өнер көрсететін OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Тоғызыншы турда біз SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнап жеңімпаз атандық! Біз 2½:3½ есебімен жеңіске жеттік, – деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Бұған қоса шахматшы OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы атанғанын, сонымен клуб рекордты түрде барлығы 12 рет чемпион атанып отырғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Бундеслига — Австрия мен Германияда бірқатар спорт түрінен өтетін чемпионаттардың жоғарғы дивизиондық атауы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама