Halyq Uni логотип
×

Шымкентте аудан әкімі жауапқа тартылды

Бірқатар лауазымды тұлғаларға хаттама толтырылды

 Динара Амантай 27.02.2024 | 16:25
Шымкентте аудан әкімі жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Шымкент прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық прокуратура өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбау фактілерін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының, қалалық драма театрының бұрынғы басшыларына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша («Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік құқықбұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 млн 595 мың 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, 30 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қадағалау актісі енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама