Қазақстанда мотор майларын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Жобаға қатысу тұтынушылар алдындағы жауапкершілік көрсетуді нығайтуға мүмкіндік береді
Энергетика министрлігі «Атамекен» ҰКП және «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, мотор майларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Пилоттық жобаға нарықтың барлық қатысушыларын – өндірушілер мен импорттаушылардан бастап, көтерме-бөлшек сауда сегментіндегі компанияларды қосу жоспарланған.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаттары:
- мотор майлары нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
- тұтынушылар үшін мотор майларының шығу тегі туралы ақпараттың айқындылығы мен сенімділігін жақсарту;
- өнім айналымын бақылау және контрафактілік өніммен күресу тиімділігін арттыру;
- отандық өндірісті дамытуға және мотор майлары саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
- ЕАЭО-дағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі кедергілерді жою.
Өндірушілерді, импорттаушыларды, дистрибьютерлерді, логистикалық компанияларды, көтерме және бөлшек сатушыларды пилоттық жобаға қатысуға шақырамыз. Жобаға қатысу сіздің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігіңізді көрсетуге және нарықтағы беделіңізді нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз контрафактілік өніммен күресуге және өз бизнесіңіздің мүддесін қорғауға үлес қоса аласыз, – делінген ведомство хабарламасында.