×

«Месси!»: Ойыннан шеттетілген Роналду айыппұл төлейтін болды (ВИДЕО)

Ол бұған дейін де қарсылас команданың шарфын лақтырып жіберген болатын

 Еркеғали Болатұлы 27.02.2024 | 15:31
фото: readfootball.com

«Әл-Наср» футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатындағы оғаш қылығы үшін жазаланбақ.

Ол саудиялық Про-лиганың 21-туры аясында «Әл-Шабабқа» қарсы өткен ойында (3:2) «Месси!» деп айғайлаған жанкүйерлерге оғаш қылық көрсеткен еді.

Al Riyadhiah басылымының жазуынша, тәртіп комитеті португалиялық футболшыны спорттық емес мінез-құлқы үшін екі матчтан шеттетіп, ақшалай айыппұл салуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін де қарсылас команданың шарфын лақтырып жіберген Роналдудың әрекеті желіде қызу талқыланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама