Заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді
Абай облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бюджетке 5,5 млн теңге заңсыз төленген жалақы өтелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыс прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады. Ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай, жалақы алған.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.
Бүгінде сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне алынған.