×

АҚШ Украинаға реактивті ракета жүйесін береді

Құрама Штаттар оны Донбасты қорғап қалуы үшін жібергелі отыр

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2022 | 09:15
фото: rtvi.com

АҚШ президентінің әкімшілігі Украинаға алыс қашықтықты, дүркінді (залпты) отты реактивті ракета жүйесін беретін болып шешті. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

Газеттің жазуынша, АҚШ оны Украинаға Донбасты қорғап қалуы үшін жібергелі отыр.

Қарудың қашан берілетіні алдағы аптада белгілі болады.

Бұл қарудың жүйесінде мобильді ракета қондырғысы болады. Ол ату қондырғысына қарағанда әлдеқайда тиімді, соның арқасында ракета алыс қашықтыққа бара алады, - делінген басылымда.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Құрама Штаттар украин қарулы күштеріне  M31 GMLRS (Gueded Multiple Launch Rocket System) жүйесін ұсынғалы отыр. Ол – спутникпен басқарылатын өте жоғары дәлдікті қару, жарылыстарының күші 500 фунттік авиабомбаға тең.

Бұдан басқа, АҚШ  Украинаға дөңгелекті жүк көліктерінің шассилері арқылы жылжып тұратын HIMARS дүркінді отты реактивті жүйесін де беруді жоспарлап отыр.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Вашингтонның Киевке алысқа атылатын ракета қаруын беруден бас тартататына үміт артатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама