×

БҚО-да кәсіпкерге заңсыз талаптар қойған лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Анықталған кемшіліктер жойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

 Динара Амантай 27.02.2024 | 12:40
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерге заңсыз талаптар қойған лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымовтың айтуынша, департаментке «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ шенеунігінің заңсыз әрекеттеріне кәсіпкерлер жүгінген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан кәсіпкерлерге ақпараттық таблоны сауда үй-жайының сыртына орналастыру жөнінде негізсіз талаптар қойылғаны анықталды.

Аталған таблоны кәсіпкерлер сауда үй-жайының сыртына орнатқан. Оны орнату сыртқы (көрнекі) жарнама үшін салық төлемдерін кейін төлеуді көздейді. Бұл ретте сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер жөніндегі қағидаларға сәйкес, талаптар сауда үй-жайының ішкі ресімделуіне ғана қолданылады.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен анықталған кемшіліктер жойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасын, «Бизнеске жол», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобаларын іске асыру, аудандарда әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауының алдын алу мәселелері қаралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама