27 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Қазақстан бойынша тұман күтіледі

Фото: tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 27 ақпанда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, оңтүстіктігінде жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақпен болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман күтіледі.