«Өлім туралы ой болды»: түнгі клубқа барып, жұмыстан қуылған мұғалім оқиғаның мән-жайын айтты

Халық үні

Енді Фатима Сқақова түнгі клубқа әдейі бармағанын, атының ақталғанын қалайды. 

Фото: видеодан алынды

Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі №250 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімдері әділдік іздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Екі баланың анасы, 7 жылдық жұмыс өтілі бар Фатима Сқақова осы оқиғадан кейін ауыр күйзеліске ұшырағанын айтады.

«Дәл сол уақытта басқа жол көрмедім. Оның алдында екі күн психологқа бардым. Мендегі бар мақсат – психологқа барып, ішімдегіні айтып, менде қандай ой болғанын, таза екенімді, шын мәнінде осындай адам екенімді бір адамға болсын дәлелдегім келді. Содан кейін жәй ғана өліп кетуге болады деген ой болды», – дейді ол.

Абырой болғанда, мұғалім бұл әрекетке бармаған. Бірақ қоғамдық қысымнан әбден қиналған. 

Енді Фатима Сқақова түнгі клубқа әдейі бармағанын, атының ақталғанын қалайды. 

Еске сала кетейік, қызылордалық екі мұғалім Түркияға демалуға барып, түнгі клубқа кіргені үшін бастары дауға қалған болатын. Артынша, олардың жұмыстан босағаны белгілі болды.

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді жұмыстан тыс уақытта құқығын шектеуге болмайтынын айтты.