×

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің батысына жоғары қысым аймағы әсер етеді, жауын-шашынсыз желсіз ауа райы сақталады, күндізгі температура 0-5 градус жылыға көтеріледі.  

 Халық үні 26.02.2024 | 19:50
Фото: egemen.kz

«Қазгидромет» РМК 27-29 ақпанға ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттар солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға әсер етеді, жауын-шашын қар түрінде болжанады, кейбір аудандарда желдің күшеюі болады. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, көктайғақ және тұман құбылыстары болуы күтіледі.

Еліміздің батысына жоғары қысым аймағы әсер етеді, жауын-шашынсыз желсіз ауа райы сақталады, күндізгі температура 0-5 градус жылыға көтеріледі.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама