Павлодар облысында белгісіз ішімдіктен уланғандардың жетеуі де көз жұмды

Халық үні

Марқұм кеше Ертіс аудандық ауруханасынан облыс орталығына жеткізілген еді

Фото: ашық дереккөздерден

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 48 жастағы тұрғын Павлодар қаласының №3 ауруханасының реанимациясына жатқызылған.

Науқас 1974 жылы туған. Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Марқұм кеше Ертіс аудандық ауруханасынан облыс орталығына жеткізілген еді. Өкінішке қарай, пациентті құтқару мүмкін болмады. Осылайша, белгісіз сұйықтықтан уланған жеті адам қайтыс болды», - деді басқарма өкілдері.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, бесеуі қайтыс болды. Кейін ауруханаға жеткізілген тағы бір науқас дүние салған еді.