Полицияға арыз беруге арналған мобильді қосымша шықты
Оның басты мақсаты – қылмысты азайтып, құқықбұзушылықтың алдын алу
Павлодар облысында «Ақсу тұмары» серпінді жобасының аясында Ақсу қаласында құқықбұзушылықты дереу хабарландыруға арналған Halyq Tumary мобильді қосымшасы шықты.
Бұл қосымшаның басты мақсаты – қылмысты азайтып, құқықбұзушылықтың алдын алу. Ақсу ауданының прокурорлары қосымшаны жасап шығарушылармен кездесіп, Halyq Tumary-ның мүмкіндіктерімен танысты. Оны көпшілікке таныстыруды ұсынды, – делінген Павлодар облысы прокуратурасының хабарламасында.
Қосымшаны жиі пайдаланатын адамға бонустық ынталандыру жүйесі қарастырылып та отыр.
Тесттік жұмыстар аяқталған соң, қосымшаны басқа да облыстарда ендіру жоспарланған.