Halyq Uni логотип
×

Лукашенко сегізінші рет Беларусь президенттігіне сайлауға түседі

Барамын, қатысамын. Осыны бәріне айтыңыздаршы, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 26.02.2024 | 14:35
Лукашенко сегізінші рет Беларусь президенттігіне сайлауға түседі
Фото: belarus.kp.ru

Беларусь басшысы Александр Лукашенко 2025 жылы шілде айында өтетін президенттік сайлауға түсетінін айтты.

«Настоящее время» порталының хабарлауынша, бұл туралы ол Парламент сайлауына қатысып, дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берген кезде мәлімдеді.

Барамын, қатысамын. Осыны бәріне айтыңыздаршы, – деді Лукашенко.

Айта кетсек, ол Беларусь Республикасын 30 жыл бойы басқарып келеді. Ал келесі президент сайлауы 2025 жылдың шілде айында өтеді.

Беларусь президенті Батыс елдері өзіне жан-жақты қысым күшейткен сайын тезірек осы сайлау додасына қатысқысы келетінін жасырмады.

Шынын айтсам бар ғой, тап Беларусьтегі сияқты ашық та әділ сайлау дүниежүзінің еш елінде жоқ! Ол бізде ғана бар. Бізде президент сайлауы – нағыз мереке! Біз шынайы да адал саясат жүргізіп келеміз. Осыны бәрі есте сақтасын. Бізге тыныш өмір керек, сол үшін бәрін де істейміз! – деді ол.

Аляксандр Лукашенко елді 1994 жылдан бастап басқарып келеді. Ол соңғы рет президент сайлауына 2020 жылы түсіп, өз орынтағына қайта жайғасып алды. Алайда халықаралық қауымдастық саяси дода кезінде адам құқығын бұзу болған деген деректі алға тартып, сайлаудың нәтижесін мойындамады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама