×

Еуропаға жаңа бағыттар ашылып, халықаралық рейс саны аптасына 433-ке жетеді

Халықаралық әуе тасымалдарының бағыттық желісі арта түспек

 Халық үні 29.05.2022 | 18:45
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантин шектеулерінің әлсіреуіне байланысты Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдарының бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту жұмысын жалғастырып жатыр.

Алдағы уақытта халықаралық әуе тасымалдарының бағыттық желісі арта түспек. Атап айтқанда, жаз кезінде туристердің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында рейс саны 99 бағыт бойынша (81-ден 99 бағытқа дейін) аптасына 81 рейске (352-ден аптасына 433 рейске дейін) артады.

Италия, Чехия және Грекияға жаңа рейстер ашылып жатыр. Түркия, Египет, Грузия, Ресейге рейстер ұлғаюда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама