×

Аида Балаева: Қазақстанда 23 мыңнан астам ҮЕҰ-ның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді

Бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

 Динара Амантай 27.02.2024 | 10:23
Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін атаулы мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтіп жатыр. Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен. Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады, – деп жазды министр.

Оның айтуынша, қазір елімізде ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасты. Атап айтқанда, олар – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау шаралары. Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға түзетулер енгізілді.

Мемлекет дамуының негізгі ресурсы – адами капитал, оның әлеуеті мен дамуы, яғни әлеуметтік капитал. Азаматтарға инвестиция сала отырып, біз әркім әлеуметтік міндеттерін іске асыруға өз үлесін қосатын күшті және дамыған қоғам қалыптастырамыз. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау – мен үшін үлкен мәртебе! Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын! Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді іске асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс және кәсіби белсенділік тілеймін! – деп жазды Аида Балаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама