Елордада екі бала Есіл өзеніне батып кетті
Астаналық сүңгуірлер Есіл өзенінің түбінен кәмелет жасына толмаған 2 ер баланың денесін тапты.
29 мамыр күні сағат 12.50-де «112» пультіне Бейсекова көшесі бойындағы көпір маңында Есіл өзеніне екі бала суға батып кетті деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы жетіп, алдымен жағдайды бақылап, іздеу жұмысына кірісті. Нәтижесінде сүңгуірлер өзен түбінен кәмелет жасына толмаған ер баланың денесін тапты. Бірер минуттан соң екінші баланың мүрдесі судан шығарылды», - деген ақпарат таратты қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері суға кеткен балалардың жеке басын анықтап жатыр.