Министрліктің құзыреті кеңейді
Көлік прокуратурасының талабы бойынша ТЖМ жаңа НҚА қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ел аумағында 10 жыл бұрын «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және жабдықталған 40 тасжол пункті іске қосылды.
Алайда бүгінде кейбір тасжол пункттері шалғайдағы және аса қауіпті учаскелердің қасында тұрудың орнына медициналық резерві мен ауруханалары бар елді мекендерде орналасқан. Тасжол медициналық-құтқару пункттерінің ұтымсыз орналасуы уақтылы медициналық-құтқару көмегін көрсетпеуге ықпал етті.
Тасжол пункттері бригадаларының 2021-2023 жылдары Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1 ай ішінде жекелеген ретте шығуы олардың тиімділігінің жеткіліксіздігін айқын растады.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі осындай пункттерді қайта орналастыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болмаған.
Прокуратура араласқаннан кейін Үкімет жоғарыда аталған орган туралы ережеге оның құзыретін кеңейтетін түзетулерді енгізген.
Нәтижесінде алғаш рет Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №60 бұйрығымен нормативтік құқықтық акт түрінде тасжол пункттерін орналастыру және қайта орналастыру бойынша орындарды айқындау әдістемесі бекітілді.
Енді тасжол пункттерінің жұмысы кезінде халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың апаттық-қауіпті учаскелері туралы мәліметтер, жұмыстың қайталануын болдырмау үшін жедел медициналық жәрдем қызметтерінің орналасқан жері, ұялы байланыстың болуы және шұғыл ден қою үшін маңызды басқа да мәліметтер ескерілетін болады.