Маңғыстау облысында 23 адам астан уланды
Жаппай астан улану фактісін Бейнеу аудандық әкімдігі растады
Маңғыстау облысында 20-дан астам адам астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады Lada.kz.
23 ақпан күні кешке «Али-ман» мекемесіне барғаннан соң 23 адам орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жеткізілді. Оның ішінде балалар да, ересектер де және жүкті әйел де бар. Сегіз адам үйінде ем қабылдап жатыр, - делінген жексенбі күні таратқан хабарламада.
Аталған факті негізінде Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.